Энергетика министрлігі Қазақстандағы мұнай өндірісі туралы айтты

114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K1WKx5t04jnEQmOZK2VCd3rBi6lI5T4ZGEEmECrT.jpg

Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу операциялары уақытша тоқтатылған соң Қазақстандағы мұнай саласы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға қойылған уақытша шектеулерге және резервуарлардың шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу мақсатында мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіру көлемін жоспарлы түрде қысқартқан. Осының нәтижесінде мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеген. Министрлік бұл технологиялық сипаттағы шара екенін және оның өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады.

Сондай-ақ ведомство қазіргі уақытта Каспий құбыр консорциумының басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен, кеме иелерімен және салалық мемлекеттік органдармен тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, тараптар кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық мұнай экспортын әлемдік нарықтарға мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру мәселелері бойынша үздіксіз консультациялар өткізіп жатыр.

Комментарии
Другие материалы