Алакөлде паром қағып кеткен әйелдің екі аяғы кесілді

203
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L8V5XZOWtNrXOkTjzj8S5xRIFL1PYLgWbAziqSu4.bmp

Жетісу облысының Көктұма ауылындағы Алакөл жағалауында болған қайғылы оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, кері жүріп келе жатқан паром әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды "Адырна".

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйел ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оның денесінің бірнеше жерінен ауыр жарақат алғанын, көп қан жоғалтқанын және жарақаттық шок жағдайында болғанын анықтаған.

Науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, жедел операция жасау туралы шешім қабылдаған. Ота барысында әйелдің екі аяғы сан тұсынан ампутацияланған.

Аталған оқиғаға байланысты Жетісу облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және жағалау аумағында ерекше сақ болуға шақырды.

Комментарии
Другие материалы