Абайдағы орман өрті сөндірілді

60
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Абай облысындағы «Семей орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бородулиха филиалына қарасты Камышенка орманшылығы аумағында шыққан орман өрті толық ауыздықталғаны хабарланды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 16 шілдеде басталған өрт 18 шілде күні сағат 09:45-те оқшауланды.

Өртті сөндіруге «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының қызметкерлері, «Қазәуеорманқорғау» РМҚК, сондай-ақ төтенше жағдайлар, ішкі істер, қорғаныс министрліктері, ҰҚК мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

Жалпы тілсіз жаумен күреске 769 адам, 191 арнайы техника және 8 тікұшақ тартылды. Авиация арқылы өрт ошағына 319 рет су төгіліп, барлығы 709 тонна су жеткізілген.

Еске салайық, орман өрті 16 шілде күні таңертең Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығының 57-кварталында тіркелген.

Комментарии
Другие материалы