Ер адам жанжал кезінде өз танысына оқ атты

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xoSGtq3z3aoQl4utGluzmivrVBAWNgv5u0ywXIHi.jpg

Алматы қаласының Түрксіб ауданында жанжал барысында ер адамға оқ атылып, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, жанжалға қатысқан екі таныстың арасында келіспеушілік күндіз қаланың төменгі бөлігіндегі дәмханалардың бірінің маңында басталған. Біраз уақыттан кейін олардың бірі танысының үйіне барған. Үй маңында болған кезекті сөз таласы кезінде үй иесі аңшылық мылтық алып шығып, келген азаматқа оқ атқан. Салдарынан 31 жастағы ер адам оқ жарақатын алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Күдікті оқиға болғаннан кейін көп ұзамай ұсталды. Аталған дерек бойынша адам өлтіруге оқталу фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ тәркіленген аңшылық мылтықтың шығу тегі мен оны сақтаудың заңдылығы тексерілуде.

Комментарии
Другие материалы