Төрт баласымен жоғалып кеткен әйел табылды

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JmAq9BXJd9xnI2Sls8lGEhxo0mlQoRIfYVWgt85P.png

Түркістан облысының Отырар ауданында төрт баласымен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің қайда екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай дабыл қаққан еді.

Әйел мен балаларының аман екені туралы ақпаратты Түркістан облысы полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, аудан тұрғыны жұбайының төрт баласын ертіп үйден шығып кеткенін және бірнеше күн бойы байланысқа шықпағанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Осыдан кейін жедел іздестіру шаралары қолға алынып, іздеуге облыстық және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Іздестіру барысында өңірдегі негізгі жолдар бақылауға алынып, көршілес аумақтарға да бағдарламалар жіберілген. Нәтижесінде әйел төрт баласымен бірге таксимен келе жатқан кезде анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру кезінде оның отбасындағы тұрмыстық келіспеушіліктен кейін балаларын ертіп Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Әйел ешкімге ескертпестен пәтер жалдап тұрған.

Полицияның хабарлауынша, отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, туыстарының қатысуымен мәселе өзара келісіммен шешілген. Қазір әйел мен балалары үйіне оралған.

Комментарии
Другие материалы