Мұхтар Жәкішевтің қызы Испанияда үйлену тойын өткізді

75
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fTewC4HE6KKYXtDSByazaHukKmXOKiLqyWCViWcL.jpg

Испанияның Барселона қаласына жақын маңда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай мен оның жұбайы Карл Обидің үйлену тойы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы желіде жарияланды.

Жас жұбайлар бұған дейін Лондонда заңды некесін қиып, Алматыда дәстүрлі қыз ұзату рәсімін өткізген. Ал үйлену тойының қорытынды салтанатын Испанияның Каталония өңіріндегі тарихи Bell Reco вилласында ұйымдастырды.

Ашық аспан астында өткен рәсім барысында жас жұбайлар сақина алмасып, некелерін қиды.

Салтанатты шараға әртүрлі елден келген туыстары мен жақын достары қатысты. Қонақтар қатарында кәсіпкер Арманжан Байтасов жұбайы Диляра Байтасовамен бірге және қалыңдықтың анасы Жәмилә Жәкішева болды.

Неке қию рәсімінен кейін қонақтарға мерекелік дастарқан жайылып, кеш барысында көпқабатты торт кесіліп, би кеші ұйымдастырылды. Кейін қалыңдық мерекелік киімін жеңіл кешкі көйлекке ауыстырып, той еркін форматта жалғасты.

Комментарии
Другие материалы