Қытай Starlink спутниктерін істен шығара алатын жаңа қаруды таныстырды

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/g4FiHHf65eOvo8WfsI7brqnIahYPaVcQap74GzDs.webp

Қытай алғаш рет жоғары қуатты микротолқынды қару жүйесін ресми түрде таныстырды. Ол төмен орбитадағы аппараттарды, соның ішінде америкалық Starlink спутниктер желісін жедел істен шығаруға арналған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Елдің Ұлттық қорғаныс технологиялары университетінің зерттеушілері әзірлеген қондырғылардың қуаты 100 гигаваттқа дейін жетеді. Егер бұрынғы прототиптердің қуаты шамамен 20 гигаватт болса, жаңа мобильді платформалар қуаты 100 гигаваттқа дейін жететін микротолқынды сәулелерді шығара алады. Бұл көрсеткіш ғарыш аппараттарының қорғаныс жүйесін бұзып, олардың борттық электроникасын балқытып жіберуге жеткілікті екені айтылды.

Әскери сарапшылардың айтуынша, мыңдаған шағын спутниктен тұратын орбиталық топтарды дәстүрлі зымырандарға қарсы қарумен жою экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Ал микротолқынды қаруды қолдану бұл мәселені шешпек.

Ғалымдардың сөзінше, микротолқынды сәулелер спутниктерді физикалық тұрғыдан қиратпайды, тек оларды жарамсыз металл үйіндісіне айналдырады. Бұл ғарышта миллиондаған қауіпті сынықтардың пайда болуына жол бермей, Жер маңындағы кеңістіктің қоқыспен ластануын азайтады.

Жарияланған материалда кейбір қондырғылардың әскери құрылымдарға берілгені, ал жобаның зертханалық сынақ кезеңінен өтіп, тәжірибеде қолданылатын технологияға айналғаны айтылған. Сонымен қатар инженерлер −40°C температурада да жабдықты іске қосуға мүмкіндік беретін жаңа қуат жүйелерін таныстырған.

Бейжің бұл жобаларды жедел дамытуға түрткі болған негізгі себептердің бірі ретінде Илон Масктың SpaceX компаниясы жүзеге асырып отырған Starlink бағдарламасын атады.

«Starlink мүмкіндіктері қазіргі әскери қақтығыстарда белсенді түрде сыналып жатыр және Қытай Қарулы күштері оны елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін тікелей қатер ретінде қарастырады»,– делінген хабарламада.

 

Комментарии
Другие материалы