Путин мен Трамп сөйлесті. Украинадағы жағдай талқыланды

315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xzwI1a8Aa9WRTmbVYim08V0e8pzbKANcCrVioHeW.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Ақ үй басшысы Дональд Трампмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресей президенті Трампты және бүкіл Америка халқын АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтаған. Екі ел көшбасшысының әңгімесі 1 сағат 25 минутқа созылған.

Тараптар Украинадағы ахуалды реттеу мәселесін де сөз еткен. Әңгіме барысында Трамптың 7–8 шілде күндері Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысуы да ескерілген.

Путин Трампқа майдандағы нақты жағдай туралы мәлімет беріп, Ресей әскерінің бүкіл ұрыс шебі бойында шабуыл жүргізіп жатқанын айтқан. Сондай-ақ ол Константиновка елді мекенінің бақылауға алынуына қатысты жағдайды сөз еткен. Ал Трамп жанжалды бейбіт жолмен реттеуге ықпал етуге дайын екенін растаған. Ол арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерделдалдық жұмыстарды жалғастыратынын және қажет болған жағдайда Мәскеуге кез келген ыңғайлы уақытта бара алатынын айтқан.

Бұған дейін саясаткерлер 14 маусымда, яғни АҚШ президентінің туған күнінде сөйлескен болатын.

 

Комментарии
Другие материалы