«Иранмен қақтығысты 38 рет тоқтатқан». Байденнің ұлы Трампты келеке қылды

76
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wq27dnbsMohYTE5A7pduznOgtQHGc06WuKBruoJT.webp

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына «ұсынатынын» мәлімдеп, оның сыртқы саясатқа қатысты мәлімдемелерін әжуалады. Бұл туралы 2 шілде күні Хантер Байден X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Жазбада ол Трамптың Иранмен арадағы қақтығысты бірнеше мәрте «тоқтатқаны» ирониялық сарында сипатталған.

«Мен Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынамын. Тарихта ешбір президент бір соғысты осыншама рет аяқтаған емес. CNN мәліметінше, ол Иранмен қақтығысты кемінде 38 рет тоқтатқан. Бұл – Нобель комитетінің назарын аударуға лайық рекорд», – деп жазды ол.

Жарияланым қысқа уақыт ішінде 6,8 миллионнан астам қаралым жинады.

Бұл жазба арқылы Хантер Байден Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты бірнеше мәрте жасаған оптимистік мәлімдемелерін келеке еткен. Бұған дейін CNN арнасы Трамптың сөздері мен әлеуметтік желідегі жарияланымдарына талдау жасап, оның Иранмен қақтығыс іс жүзінде аяқталды немесе бейбіт келісім жақын деген мазмұндағы пікірді кемінде 38 рет айтқанын хабарлаған.

Хантер Байден жазбасының соңын Трамп жиі қолданатын «Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет» деген тіркеспен аяқтап, мысқылын одан әрі күшейткен.

Әзірге Дональд Трамп немесе оның командасы бұл жазбаға қатысты пікір білдірген жоқ.

Осы уақытта әлемдік мұнай нарығында да өзгерістер байқалды. АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынастың жақсаруы мүмкін деген үміт аясында Brent маркалы мұнай бағасы соңғы бірнеше айдағы ең төменгі деңгейлердің біріне түсті. Лондондағы ICE биржасында қыркүйек айындағы Brent фьючерстерінің бағасы 1,1 пайызға төмендеп, бір баррелі 70,78 долларды құрады.

Комментарии
Другие материалы