Екінші палатасыз парламент. Құрылтай сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

397
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PHVB8RT8QDKP6l5HVReQncoRmVUiFW81AR5bkuu1.webp

Бүгін, 1 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:  

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,–делінген құжатта.

Қазақстанда бүгін, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. 30 шілде күні елдің жоғары және төменгі палата: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын парламенті өз жұмысын тоқтатты. Соңғы сайланған парламент үш жыл жұмыс істеді.  

 

 

Комментарии
Другие материалы