Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатында жүлделі болды

479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b2Dy2zk0pEOY1LVBFMX5nZNwKrMjUfVaCw98yDJr.png

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Гонконгте өткен командалық әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, әйелдер тақтасында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

19 жастағы спортшы рапид және блиц форматындағы жарыстарда әлемнің жетекші шахматшыларымен тең дәрежеде сынға түсті. Турнир барысында ол әлемнің бірнеше мықты гроссмейстеріне қарсы сәтті ойын көрсетті.

Алуа Нұрман Магнус Карлсеннің командасына қарсы кездесуде өз ұпайын алып, команданың жеңісіне үлес қосты. Сонымен қатар ол әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңіп, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен тең түсті.

Бұдан бөлек, қазақстандық шахматшы Үндістан өкілі, әлем чемпионы Дивья Дешмухты және Өзбекстанның шахматшысы Гулрухбегим Тохиржонованы жеңді. Турнирдегі соңғы партиясын тәжірибелі үндістандық Харика Дронаваллимен тең нәтижемен аяқтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Алуа Нұрман өнер көрсеткен Barys командасы жалпы есепте 9-орынға тұрақтады. Ал қазақстандық шахматшы әйелдер тақтасында күміс жүлдеге ие болып, халықаралық додадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Комментарии
Другие материалы