Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің драматургтері арасында комедия жанры бойынша халықаралық драматургиялық байқау жарияланды.
Ауқымды шығармашылық жоба ұлттық драматургияны дамытуға, халықаралық мәдени байланыстарды кеңейтуге және театр репертуарын жаңа кәсіби пьесалармен толықтыруға бағытталған. Сонымен қатар байқау жас авторларды қолдап, комедия жанрындағы жаңа есімдерді ашуды мақсат етеді.
Байқау аясында:
- ұлттық драматургияның дамуына қолдау көрсету;
- халықаралық шығармашылық байланыстарды кеңейту;
- М. Әуезов атындағы театрдың репертуарын сапалы жаңа пьесалармен толықтыру;
- драматургтердің комедия жазуға деген қызығушылығын арттыру.
Қатысу шарттары
Байқауға тек комедия жанрындағы пьесалар қабылданады. Ұсынылатын шығармалар:
- бұрын жарияланбаған және сахналанбаған төл туынды болуы тиіс;
- инсценировка емес, автордың жеке шығармасы болуы қажет.
Авторлар пьесаларын онлайн түрде (teatr.auezov@bk.ru) немесе Алматы қаласы, Жібек Жолы көшесі, 154 мекенжайына офлайн жолдай алады. Шығармалар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
Өтінімге автор туралы мәліметтер мен байланыс телефондары қоса берілуі тиіс. Сондай-ақ авторлық құқықты растайтын құжат (авторлық куәлік) міндетті.
Байқауға келіп түскен жұмыстарды кәсіби қазылар алқасы – режиссерлер, драматургтер және театртанушылар сараптайды.
Байқау нәтижесі бойынша:
- I орын – үздік пьеса театр репертуарына енгізіледі;
- II орын – кіші формада сахналанады;
- III орын – оқылым форматында талқыланады.
Байқау 2026 жылдың 1 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында өтеді. Қорытынды нәтижелер 2026 жылдың 1 қазанында жарияланады.
Шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Толық ақпарат:
- Сайт: auezov-theatre.kz
- Телефон: +7 (727) 378-53-85, +7 705 197 80 64
- E-mail: teatr.auezov@bk.ru
