Латын әліпбиін бекіту. Министрлік жобаны мақұлдамады

266
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7rCqsvjpIuqcekwalf8LpejRteSJC4QJGzIsSJVA.jpg

Қазақстанда латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі әзірге ресми түрде бекітілген жоқ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жаңа әліпбидің жобасы бұған дейін көпшілік назарына ұсынылғанымен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оны жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Қазір Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары және қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары әліпби мен жаңа емле ережелерін әзірлеумен айналысып жатыр.

Министрліктің мәліметінше, мамандар «и», «й», «ы» және «і» әріптерінің жазылуына қатысты зерттеулерді жалғастыруда. Осыған байланысты латын графикасындағы қазақ әліпбиін түпкілікті бекіту мерзімі әзірге анықталмаған.

«Әліпбиді бекіту мерзімі мен оны енгізу кестесі жобаны жетілдіру жұмыстары аяқталғаннан кейін айқындалады», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Комментарии
Другие материалы