"Анашым, ұрмашы". Жалдамалы пәтерден табылған хат жұртты елеңдетті

251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NN2ivJb58BGc9rSAEqE5szFayGk817ucUyYN3LtL.jpg

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған балалардың қолжазба хаттары кеңінен таралып, қоғамның алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, жаңа жалға алушы пәтерді тазалау барысында жиһаздардың арасынан және еденнің астынан балалар жазған бірнеше қағазды тауып алған. Ондағы мазмұн көпшіліктің назарын аударды. Таралған жазбалардың бірінде бала анасынан өзін ұрмауды өтініп, оған деген сүйіспеншілігін білдірген.

«Анашым, мен сені жақсы көремін. Өтінемін, мені ұрмашы. Сен өте әдемісің, мен сені қатты жақсы көремін. Анашым, балаларды ұруға болмайды ғой», - делінген. 

Екінші хатта да дәл осындай мазмұндағы өтініштер жазылып, баланың физикалық жазаға ұшыраған болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

«Анашым, өтінемін, мені ұрмашы. Маған қатты ауырып жатыр. Енді өзгере­мін. Сені жақсы көремін. Өтінемін, сабыр сақташы», - деп жазған.

Алайда қазір бұл хаттардың нақты қашан жазылғаны, олардың авторы кім екені және бұрын пәтерді кімдердің жалдап тұрғаны жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ. Сондай-ақ оқиғаның Алматы қаласының қай ауданында болғаны да нақтыланбаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған жағдайға қатысты құқық қорғау органдары мен ювеналды полиция тарапынан тексеру жүргізуді ұсынып, бұрынғы пәтер тұрғындарын анықтау және хаттарды жазған баланың жағдайын тексеру қажеттігін айтып жатыр.

Комментарии
Другие материалы