Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

185
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WuIFxYHcmHjjw106I0lbRv6I5dzwTeEuOlMlZkro.jpg

Фото: olympic.kz

Талғат Байсуфиновтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Жазбада ҚФФ бас бапкердің отставкасын өкінішпен қабылдап, шешіміне құрметпен қарағаны жазылған.

"Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты.

ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар талқылануда.

Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғаспақ.

Комментарии
Другие материалы