Карантинде той жасап, айыппұл арқалаған шенеунік вице-министр болып тағайындалды

225
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HERKSvT19y42aAHShhIH0kvY6xEiSJeNa5AXEuHh.webp

Жандос Сәлімов Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады. Жандос Сәлімов еңбек жолында мемлекеттік басқару саласында түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Ол Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарған, табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне жетекшілік еткен.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін табиғи монополияларды реттеу комитетінің елордалық департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

Ал бұған дейін, БАҚ беттерінде оның коронавирус пандемиясы кезеңінде карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 83 мың теңге көлемінде айыппұл арқалағаны туралы ақпарат тараған.

Комментарии
Другие материалы