Қоштасудың қиыны. Партияның жұмысы қашан тоқтайды?

252
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ygXc2w9Uvh7zwvgeleNdf8wQRaoWaa0XgrR9IUf4.jpg

AMANAT партиясының «Әділет» партиясына қосылуын заңдық тұрғыдан рәсімдеу процесі шамамен алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы «Әділет» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, барлық қажетті рәсім аяқталғанға дейін AMANAT партиясы заңды тұлға ретінде біраз уақыт жұмысын жалғастыра береді. Осы кезеңде мәслихаттар да өз қызметін тоқтатпайды.

«Мәслихаттардың қызметіне қатысты келесі кезеңнің қашан басталатыны немесе сайлаудың қашан өтетіні әзірге белгісіз. 14 маусымда AMANAT партиясының «Әділетке» қосылуы жөнінде саяси шешім қабылданды. Алайда бұл шешімді заңдық тұрғыдан рәсімдеу белгілі бір уақытты талап етеді. Сол кезеңде AMANAT атынан сайланған депутаттар, оның ішінде мәслихат депутаттары да өздерінің заңды мәртебесі мен өкілеттіктерін сақтайды»,– деді Рауан Кенжеханұлы.

Ол заңдық рәсімдеу жұмыстары шамамен 5–6 айға созылуы мүмкін екенін нақтылады.

Еске салайық, бұған дейін «Әділет» партиясы съезінің делегаттары AMANAT партиясымен бірігу туралы шешімді қолдап дауыс берген болатын.

Комментарии
Другие материалы