"Президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадағы саяси жүйеден бастау алады"

104
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zXzNXSoyHY2O7GSLddn8KnQOOIhWlRNcVdVSnb7P.webp

Мемлекет басшысы елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Адырна".

Рәсім барысында Президент Қазақстанның тарихи дамуы мен мемлекеттілік дәстүрлері жөнінде пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі Қазақстандағы берік орныққан президенттік басқару үлгісінің бастауы Алтын Орда кезеңіндегі саяси жүйемен сабақтас.

"Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады", - деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен тығыз байланысты екені айқын көрсетілгенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Алтын Орда өз дәуірінде дамыған басқару институттары, дипломатиялық қызметі, сауда және кеден жүйесімен ерекшеленген. Ол сондай-ақ тарихи мұра қазіргі Қазақстанның мемлекеттік дамуына әсер ететін маңызды фактор екенін жеткізді.

"Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді", - деді.

Комментарии
Другие материалы