Тоқаев Путинді әуежайдан қарсы алды

500
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3Y6aH8AhHKLWG6kLoYNOPUykz8uIsLjfXdS3oNhv.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы 27 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды. Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қошемет көрсетті.

Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.

Айта кетейік, Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективаларын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтпек.

Комментарии
Другие материалы