Алматыда түлектердің автокортежі тоқтатылып, ата-аналар айыппұл арқалады

195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qCf8LTnBUwe00vGkjWGsynNUuXeiI2vLpRFoahkZ.webp

Алматыда соңғы қоңырау қарсаңында қала мектептерінің бірінің түлектері қатысқан автокортеждерді ұйымдастыру әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан, бір топ жасөспірім қала көшелерімен колонна болып жүріп, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Соның салдарынан 21 түлектің ата-анасы балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Аталған бап бойынша 10 АЕК (43 250 теңге – ред.) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ полиция көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырды. Көліктер айыптұраққа қойылды.

«Полиция автокортеждерге, әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен өтетін шараларға жол берілмейтінін алдын ала ескерткен болатын. Соған қарамастан кейбір азаматтар заң талаптарын елемеді. Осындай әрбір дерек бойынша полиция қатаң түрде әрекет етеді. Мерекелік көңіл күй қоғамдық тәртіпті бұзуға және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіруге себеп болмауы тиіс», – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасбаев.

Соңғы қоңырау күні және одан кейінгі кезеңде полиция қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерінің сақталуын күшейтілген түрде бақылайды. Түлектердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.

Комментарии
Другие материалы