Астана әуежайының әкімшілігі маңызды хабарлама жасады

237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KdFcas2VH0mibDb8etiUlDW5kWoz6KaFc7Fbi0iL.webp

Астана әуежайы аумағындағы арнайы техника мен құтқару қызметтерінің көбеюі тұрғындар мен жолаушыларды алаңдатпауы керек. Өйткені, ол қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы әуежай әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

22 мамыр күні сағат 12:00 мен 14:00 аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқыс жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.

"Оқу-жаттығу барысында әуежайдың авариялық-құтқару қызметі Астана қаласының ТЖД, өрт сөндіру бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, 103 қызметі және әуе компанияларымен бірлесіп төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін пысықтайды. Жаттығу кезінде әуежай аумағында арнайы техника, өрт сөндіру көліктері мен жедел қызмет мамандары болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, жаттығу кезінде аумақта арнайы техника, өрт сөндіру көліктері мен жедел қызмет мамандары көптеп жүруі мүмкін. Осыған байланысты жолаушылар мен қала тұрғындарынан сабыр сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарау сұралады. 

 

Комментарии
Другие материалы