Британ радиосы корольдің қайтыс болғаны туралы қате хабар таратқан

196
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mJ80jVR2AdkfZGtvPQAoDLhLqolSff91ok1mh2g3.jpg

19 мамырда британдық Radio Caroline радиостанциясы король III Чарльздың қайтыс болғаны туралы жансақ хабар таратқан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Хабардан кейін станция “Құдай корольді сақтасын” гимнін қосып, шамамен 15 минутқа эфирді үзіп тастаған. Жүргізушілер эфирге қайта оралған кезде тыңдармандардан кешірім сұраған.

20 мамырда радиостанция әлеуметтік желілерде мәлімдеме жариялап, кешірім сұрады. Айтуларынша, оқиға британ монархы қайтыс болған жағдайда радиостанциялар қолданатын «Монарх» деп аталатын хаттаманың кездейсоқ іске қосылуынан болған.

«Ұлы мәртебелі корольден және тыңдармандарымыздан кешірім сұраймыз»,– деді станция директоры Питер Мур.

DW дерегінше, оқиға кезінде III Чарльз Солтүстік Ирландияда болған.

Еске салайық, 2024 жылы корольге қатерлі ісік диагнозы қойылғаны хабарланған еді. Кейіннен оның емделуі жақсы жүріп жатқаны және ол қайтадан қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып жүргені айтылды.

Комментарии
Другие материалы