Ильхам Әлиев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cGHPPsrKs1MZkzmYvT62Y8oVZLbqe5cpiYrJ5RQb.jpg

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай құттықтау хатын жолдады. Бұл туралы Report жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Құттықтау мәтінінде Әзербайжан басшысы Олжас Сүлейменовті қазіргі әдеби ойдың көрнекті өкілі, түркі әлемінің беделді тұлғаларының бірі ретінде атап өтті. Сондай-ақ оның поэзия, публицистика, әдебиеттану және зерттеу салаларындағы еңбектеріне жоғары баға берілді.

“Ұлы ақын, публицист, әдебиеттанушы және зерттеуші ретінде Сіз туа біткен көркемдік талантымен ерекшеленетін түркі әлемінің айтулы тұлғаларының бірісіз. Сіздің шығармаларыңызға арқау болған жоғары азаматтық мұраттар оқырман қауымының шығармашылығыңызға деген терең сүйіспеншілігін әрдайым арттырып келеді. Ұлттық құндылықтар негізінде қалыптасатын ғаламдық ойлау туралы сеніммен жазылған әрбір жаңа туындыңыз жарқын мәдени оқиғаға айналды. Сіздің жарқын әдеби тұлға ретіндегі бай өмір жолыңыз — Отан мен халыққа адал қызмет етудің үлгісі”, - деді Әлиев. 

Хатта Олжас Сүлейменовтің қоғамдық-саяси қызметіне де ерекше назар аударылған. Әзербайжан басшысы оның 1980-жылдардан бері қоғамдық аренада белсенді қызмет атқарып келе жатқанын, сондай-ақ Әзербайжанның ұстанымын үнемі қолдап отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Ильхам Алиев Олжас Сүлейменовтің түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Президент жазушының Әзербайжанға деген ықыласын «достық пен бауырластықтың айқын көрінісі» деп сипаттады.

Құттықтау соңында Әзербайжан Президенті мерейтой иесіне зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеп, оның мол мұрасы келер ұрпақ үшін маңызды рухани құндылық болып қала беретініне сенім білдірді.

Комментарии
Другие материалы