Венгрияның жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр экс-премьер-министр Виктор Орбан кезінде Будапешттің тарихи ауданында орналасқан Кармелит монастырі ғимаратында болған ресми үкімет резиденциясына көшпейді. Бұл туралы ол «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сондай-ақ ол қызметтік көлік ретінде өзінің сайлауалды науқаны кезінде пайдаланған автокөлікті қолданатынын айтты.
«Қызметтік көлік ретінде мен ел бойынша сайлауалды науқаным кезінде жұртқа таныс болған Škoda көлігін пайдаланамын. Сондай-ақ мен ресми үкімет резиденциясына көшпеймін», – деп жазды Мадьяр.
Еске салайық, 10 мамырда Петер Мадьяр Венгрияның премьер-министрі қызметіне ресми түрде кіріскен еді.
