Иранмен тауар айналымы баяулауы мүмкін – Жұманғарин

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hEJL1IFHmZRv5WMatgz1WQrdTVII3CwhH1I582mg.jpg

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 450 млн долларды құрады. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты биыл сауда қарқынының баяулауы күтілетінін жеткізді.

«Бұл қазіргі Парсы шығанағындағы қақтығыспен байланысты болып отыр. Жалпы мақсат — тауар айналымын 3 млрд долларға жеткізу, бірақ әзірге бұл қиын», — деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, келісімшарттар жасалғанымен, трейдерлер жұмысында іркіліс байқалады.

«Өйткені төлем жасауға қатысты тәуекелдер бар. Иранмен ең үлкен мәселе — төлем жүйесі. Бұрын төлемдер көбіне үшінші елдер арқылы жүзеге асатын», — деді Серік Жұманғарин.

 

Комментарии
Другие материалы