Қорғастағы өрт. 17 жүк көлігі жанып кеткен

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mGXaligFPQGYManfcOmPOVGhFSOHQs9cr98YkVhj.jpg

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында жүк тасымалдайтын көліктер өртенді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жетісу облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 4 мамыр күні болған.

«Өрт Қытай Халық Республикасы жағындағы шекара маңында болған. Осыған байланысты Қазақстанның “101” және “112” жедел қызмет пульттеріне ешқандай хабарлама түскен жоқ, өйткені бұл аумақ Қытайға тиесілі», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрттің себептері мен мән-жайын көршілес елдің құзырлы органдары анықтап жатыр.

Айта кетейік, өрт жылдам таралып, қойма ғимаратын толықтай жойған. Онымен бірге Қазақстанға жөнелтілуге дайын тұрған тауар тиелген 17 жүк көлігі өртеніп кеткен. Көліктердің нақты саны мен келтірілген шығын көлемі әлі нақтылануда.

Комментарии
Другие материалы