Чехия Қазақстаннан энергия ресурстарын сатып алмақ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7ov9gEm5hPMKrTjfUqt0a4oms5mdyAozMaZMT1Fu.jpg

Чехияға Еуроодаққа кірмейтін елдер арасынан, соның ішінде энергия ресурстарын жеткізушілер қатарынан сенімді әрі тұрақты серіктестер қажет. Бұл туралы елдің премьер-министрі Андрей Бабиш мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Құрамында Чехияның бірқатар ірі компанияларының басшылары бар делегациямыз Еуропадан тыс төрт күндік сапармен Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанға барады. Бұл елдерден Чехияға мұнай мен газ жеткізу мәселесі бойынша келіссөздер маңызды рөл атқарады», – деді үкімет басшысы.

Айтуынша, бизнес-делегация құрамына энергетика, көлік, машина жасау және қорғаныс салаларындағы шамамен 50 ірі чех компаниясы мен кәсіпорнының басшылары кіреді.

Бизнес-форумдарға қатысудан бөлек, Бабиш аталған үш елдің жоғары басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ хабарламада сейсенбі күні Чехия премьері Астанада қазақстандық әріптесі Олжас Бектеновпен келіссөздер жүргізетіні, ал сәрсенбіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болатыны айтылған.

Комментарии
Другие материалы