ҰБТ-дағы өзгеріс. Бітіруші түлек нені білуі керек?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hMqkPZWocHQqrcYkqKGhkq1pRwzAWa4tclgyMqYK.webp

Қазақстанда 2027 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне өзгеріс енгізіліп, түлектерге емтиханды тек бір рет тапсыру мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түсіндірді.

Министрдің айтуынша, жаңа формат бірден толық енгізілмей, алдымен пилоттық режимде іске қосылады.

«Ешкім уайымдамасын, биыл қалыптасқан процедуралар арқылы өтеді. Келесі жылдан бастап тұңғыш рет жаңа тест қосылатын болады. Балама ретінде. 2027 жылы жаңа тестің пилоттық форматы қосылады. ҰБТ екі мәрте емес, бір рет тапсырылады. Бірақ талапкерлер өз күштерін сынауы үшін негізгі тест емес, байқау тестінің мүмкіндігі сақталады», – деді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева да ҰБТ жүйесін өзгерту ұсынылып отырғанын айтқан еді. Оның пікірінше, тесті бір рет тапсыру форматына көшу гранттарды бөлу кезінде әділдік пен объективтілікті арттыруға мүмкіндік береді.

 

Комментарии
Другие материалы