Астанада жас жігіт биік үйдің шатырынан секірмек болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dz4fKZOAqyTIztD1env0mhLXRHGe2vLM2jxWy7Ty.webp

Астанада 18 жастағы жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған, деп хабарлайды "Адырна".

Бозбала екі сағат бойы үйдің төбесінде жүрген. Бейресми ақпаратқа сәйкес, ол сүйіктісімен жанжалдасып, қауіпті қадамға бармақ болған.

«20 сәуірде полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның жүргені туралы хабарлама түсті. Аталған факт бойынша елорданың 18 жастағы тұрғыны анықталды, ол алдын ала мәлімет бойынша биіктен секірмек болған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, психологтар тартылды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, жерге үрленген жастық төседі.

Қазіргі уақытта полиция жас жігітті шатырдан аман-есен түсірді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Комментарии
Другие материалы