Мұхтар Шахановтың қайда жерленетіні белгілі болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zkQisA5Rag0P4Bu526KHVvpsiaJ3AZvYsBOHp8W2.webp

Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу және жерлеу рәсімдерінің уақыты мен орны белгілі болды.

Марқұммен қоштасу рәсімі 21 сәуір күні сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Ал жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында ұйымдастырылады.

Айта кетсек, бұған дейін марқұмның жары Ханшайым Шаханова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми өтініш жолдағаны хабарланған. Өтініш хатта Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты көрсетілген - оны Түркістан өңіріндегі Отырар жерінде орналасқан қасиетті Арыстанбаб кесенесі маңына жерлеу.

Хатта ақынның қазақ қоғамындағы орны ерекше екені айтылып, оның Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашудағы еңбегі, ұлттық рухты көтерудегі қызметі және ел тәуелсіздігі, тіл мен руханият жолындағы күресі ерекше аталып өткен.

Сондай-ақ өтініште мемлекет басшысынан ақынның соңғы аманатын орындауға рұқсат беру және жерлеу рәсімін Арыстанбаб кесенесі аумағында заң талаптарына сай ұйымдастыруға қолдау көрсету сұралған еді. 

 

Комментарии
Другие материалы