Әскерде телефон қолдануға рұқсат берілді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2Vb9WIbcyE43dyVLBQaoVwshbfYh7VpzrJzvUk1I.jpg

Қазақстан қарулы күштерінде әскери қызметшілердің мобильді байланыс құралдарын пайдалану тәртібі өзгерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жаңа талаптар қорғаныс министрінің 2026 жылдың 30 наурыздағы бұйрығымен бекітілген. Құжат әскери бөлімдерге мобильді құрылғыларды алып кіру, алып шығу және пайдалану тәртібін қайта қарастырады.

Бұған дейін сарбаздарға тек қарапайым батырмалы телефондарды қолдануға рұқсат етілетін. Олар да шектеулі уақытқа және тек казарма аумағында ғана берілетін.

Енді ережелер біршама жеңілдеді. Сарбаздар, курсанттар және кадеттерге смартфондарды казармаға дейін алып келуге рұқсат берілді. Алайда құрылғылар міндетті түрде өшірулі күйде болуы тиіс.

Смартфондарды әскери бөлім ішінде, әскери госпитальдар мен медициналық бөлімшелерде қолдануға болады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, телефон пайдалану тәртібін әр бөлімде командирлер белгілейді. Құрылғыларды тек ішкі күн тәртібімен белгіленген жеке уақыт ішінде пайдалануға рұқсат етіледі.

Комментарии
Другие материалы