Әскери бөлімде атылған оқ. Бір әскери қызметкер қаза тапты, тағы бірінің жағдайы ауыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0jMujmRUE2zkyUx1jjMtJpp2CvTKHthQpnTYDSmJ.jpg

Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде болған атыс салдарынан бір әскери қызметкер қаза тауып, екіншісі жараланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкер бекітілген қарудан оқ атқан. Соның салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, ал тағы бір әскери қызметкер жарақат алды», – делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«Тергеу барысы ІІМ-нің бақылауында. Тексерілмеген ақпарат таратудан аулақ болуды сұраймыз», – деді министрлік.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, 2001 жылы туған жараланған науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда. Қажетті ем-шаралар жүргізілуде.

 

Комментарии
Другие материалы