AZAL ұшағы апаты. Ресей өтемақы төлейтін болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6TVf5v6ALfhiJiTmhWAqkddKL9O5LA6BmhyDuFPq.webp

Әзербайжан мен Ресей 2024 жылғы желтоқсанда AZAL ұшағының апатына байланысты қайғылы оқиғаның салдарын реттеу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2025 жылғы 9 қазанда Душанбе қаласында өткен кездесуде Әзербайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттері қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, тараптар салдарды тиісті түрде реттеу жөнінде, соның ішінде өтемақы төлеу мәселесі бойынша келісімге келді», – делінген мәлімдемеде.

Мәлімдемеге сәйкес, қайғылы жағдайға Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде әуе қорғанысы жүйесінің абайсызда іске қосылуы себеп болған.

Қабылданған шешімдер одақтастық қатынастар негізінде ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген екіжақты ұмтылысты көрсететіні атап өтілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына тағы да көңіл айтылды.

Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку–Грозный бағытындағы J2-8243 рейсін орындаған «Azerbaijan Airlines» (AZAL) әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған еді. Оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы түрлі жарақат алған. Қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам – Әзербайжанның, жетеуі - Ресей азаматтары.

Тергеудің алдын ала деректеріне сәйкес, Грозный қаласына қонуға жақындаған кезде ұшақ Ресейдің «Панцирь-С» әуе қорғанысы жүйесінің шабуылына ұшыраған.

Комментарии
Другие материалы