Қазақстандық киберспортшыны Бразилияда ерекше қарсы алды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8r2DL2LTZxXkXuAphL65MFZshQGoqLZIbAet0mM0.png

 «Molodoy» лақап атымен танымал қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко Бразилияда жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болды, деп хабарлайды "Адырна".

Киберспортшы Рио-де-Жанейро қаласына 13–19 сәуір аралығында өтетін ірі турнир - IEM Rio 2026 жарысына қатысу үшін барған.

Әуежайда оны өзі өнер көрсететін FURIA командасының жанкүйерлері жылы қарсы алды. Фанаттар ойыншыға қолдау көрсетіп, оның командадағы рөлін ерекше атап өтті.

Данил Голубенко 2025 жылдың қорытындысы бойынша HLTV.org нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншылары рейтингінде 6-орынға ие болды. Бұл - қазақстандық киберспорт тарихындағы ең жоғары нәтижелердің бірі.

Қазіргі таңда «Molodoy» Бразилиялық FURIA командасында снайпер ретінде өнер көрсетеді. Команда әлемдік Counter-Strike рейтингінде 2-орында тұр.

Қазақстандық ойыншының халықаралық аренадағы жетістігі елдің киберспорт саласындағы беделін арттырып, жас ойыншыларға үлкен мотивация болып отыр.

Комментарии
Другие материалы