Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов Сенаттағы брифингте Санжар Боқаевтың нақты қандай іс бойынша күдікке ілінгенін айтты. деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оның мәліметінше, Боқаев аса ірі көлемде алаяқтық жасау арқылы қаражат жымқырды және ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
«Қазір іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алаяқтық оның ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңіне қатысты», – деді Ерлан Өтегенов.
Ашық деректерге сәйкес, Санжар Боқаев 2015-2018 жылдары «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.
Еске салайық, 18 наурызда Бас прокуратура Алматыда Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлаған еді.
