Шығыс Қазақстан әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот жалғасып жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RFeez20JJWT6LJLiZHdeUjKGwUPmWfko6Sm597IR.jpg

Өскеменнің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысының әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

31 наурызда өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Жақсылық Омарға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Оған ірі көлемде алаяқтық жасау және ірі көлемде пара алу дерегі бойынша айып тағылған.

Сотта прокурор Toyota Camry көлігін тәркілеуді, Жақсылық Омарға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салуды және оны "Құрмет" орденінен айыруды сұрады. Жеңілдететін мән-жай ретінде айыпталушының кінәсін мойындауы, шығынды өтеуі және кәмелетке толмаған балалары бар екені ескерілді.

Сот отырысы барысында Жақсылық Омар шын жүректен өкінетінін айтып, тергеу изоляторында отырған уақыттағы жағдайларды ой елегінен өткізгенін жеткізді.

Еске салсақ, 2026 жылы 13 ақпанда әлеуметтік желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Сол кезде өңірлік әкімдік мұндай мәлімет жоқ екенін хабарлап, шенеунік денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын мәлімдеген. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның үстінен тергеу басталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда.

Комментарии
Другие материалы