Ормұз бұғазындағы қауіпсіздік. БҰҰ арнайы топ құрды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5kMdd3Nc9Q8TtgvBix44VnoOSYJ0VY37OXPcAGvM.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мақсатты топ құрды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Жаңа құрылған топты БҰҰ-ның жобаларға қызмет көрсету басқармасының басшысы Жорже Морейра да Силва басқарады. Оның айтуынша, бастаманың басты мақсаты – Ормұз бұғазы арқылы гуманитарлық жүктердің қауіпсіз әрі тұрақты тасымалдануын қамтамасыз ететін техникалық тетіктерді әзірлеу.

Ресми өкілдің сөзінше, мақсатты топтың жұмысы тыңайтқыштар мен маңызды шикізат тасымалын жолға қоюға бағытталады. Бұл бастама әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне де оң әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, жоба аясында БҰҰ-ның бұған дейін жүзеге асырған халықаралық тәжірибесіне сәйкес Қара теңіздегі астық келісімі ескерілмек. Механизмді іске асыру барысында ұйым мүше мемлекеттермен тығыз байланыста жұмыс істеп, халықаралық құқық нормалары мен елдердің егемендігін сақтауға басымдық береді.

Комментарии
Другие материалы