Дональд Трамп Кубаны бақылауға алу мүмкіндігін "құрмет" деп атады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nEZiYoJqcnmr6FhEYBjfqr4P2yOG7DX5WT2Nqd8b.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы Ақ үйде орындаушылық жарлыққа қол қою рәсімінде Кубаны бақылауға алу мүмкіндігін “құрмет” деп санауымды айтамын деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNBC агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен шынымен де Кубаны жаулап алу мен үшін құрмет болатынына сенемін. Бұл тамаша болар еді. Мен оны босатсам да, жаулап алсам да – қалаймын, солай істей аламын», - деді Трамп журналистерге берген сұхбатында.

Бұл АҚШ президентінің Кубаға қатысты алғашқы мәлімдемесі емес. Бұған дейін ол “дос мемлекет ретінде мемлекетті бақылау” мүмкіндігін де айтқан болатын.

Кубада энергетикалық дағдарыс бұрыннан бар. Венесуэла президенті Николас Мадуроның қамауға алынуынан кейін Ақ үй Гаванаға венесуэлалық мұнай жеткізуді шектеді. Бұл энергетикалық және экономикалық дағдарысты күшейтті. 14–15 наурызда бүкіл елде электр қуаты өшірулеріне қарсы наразылық акциялары өтті, кей жерлерде көшелерде тәртіпсіздік орын алды.

Ал 16 наурызда Кубаның барлық халқы ұлттық деңгейдегі блэкаут салдарынан электр қуатынан айырылды. 

Комментарии
Другие материалы