Ішімдіктен бас тартқан Құрылыс ауылы референдумға 100 пайыз қатысты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iF6SvO5t0w7OQKfJe3feiDDjVeKAw3c0CJAQU38s.jpg

Атырау облысы Индер ауданына қарасты Құрылыс ауылының тұрғындары референдумға толық қатысып, 100 пайыз дауыс берді. Ауылдағы 379 сайлаушының барлығы өз таңдауын жасап, маңызды саяси науқанға белсенділік танытты.

Құрылыс ауылы соңғы жылдары ауданның ең тыныш әрі тәртіпті елді мекендерінің бірі ретінде танылып келеді. Соңғы екі жыл ішінде ауылда қылмыс тіркелмеген. Тұрғындар арақ-шараптан бас тартып, жастарды еңбекке баулып, қоғамдық өмірге белсенді араласуды дәстүрге айналдырған.

Ауылдағы барлық сауда орындарында ішімдік сатуға тыйым салынған. Бұл – жергілікті халықтың өзара бірлігі мен қоғамдық тәртіпке деген құрметінің айқын көрінісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылдың бірлігі мен жауапкершілігі референдумға қатысуда да көрініс тапты. Құрылыс ауылының 100 пайыздық қатысуы – қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың жарқын үлгісі болып отыр.

Комментарии
Другие материалы