Амал мерекесіне орай. Маңғыстауға түркі халқының белгілі әншілері келеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F73nmr2MMNg1ZrwaSeb9p0pe5vQYUZutX8dWWaNP.png

Маңғыстау облысында 13–14 наурызда Амал мерекесіне орай «Амал – келісім және бірлік мерекесі» атты ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Мереке бағдарламасы аясында жергілікті өнерпаздармен қатар шетелдік дәстүрлі өнер өкілдері де өнер көрсетіп, түркі халықтарының ұлттық музыкасы мен бай мәдени мұрасын таныстырады, деп хабарлайды "Адырна".

Олардың қатарында Өзбекстан мемлекеттік филармониясының әншісі Дильфуза Кабылева бар, ол өзбек халық әндерін шебер орындауымен танымал.

Сондай-ақ Қырғызстаннан белгілі әнші, Т. Сатылганов атындағы Қырғыз мемлекеттік филармониясының солисі Жанар Туратова өнер көрсетеді. Оның орындауындағы қырғыз халық әндері ерекше ұлттық бояуларға бай.

Әзербайжан Республикасынан дәстүрлі әнші Сефали Мирзелиев (Vatan Musik Group ансамблінің вокалисі) келеді, ол Әзербайжан халық музыкасын заманауи стильде насихаттаушы өнерпаздардың бірі.

Сонымен қатар, Түркиядан Нильгюн Кызылджы қатысады. Ол Анкара мемлекеттік түрік халық музыкасы хорасының вокалисі, бұл хор Түркия мәдениет және туризм министрлігінің Бейнелеу өнері басқармасында жұмыс істейді.

Комментарии
Другие материалы