Иран мектебіне шабуыл. Tomahawk зымыраны қолданылуы мүмкін

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qpFdspUFtNYEzLklsBn6nyCNKPfZykBoT06nj3Rd.webp

Иранда қыздарға арналған бастауыш мектеп маңында болған ракеталық соққыға қатысты жаңа деректер пайда болды. Сарапшылардың талдауынша, әскери базаға америкалық зымыран соғылған болуы мүмкін. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Mehr News Agency агенттігі жариялаған бейнежазбаны BBC Verify журналистері тексеріп, сарапшыларға ұсынған. Бейнежазба Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында түсірілген. Онда қыздарға арналған Shajareh Tayebeh мектебінің жанында орналасқан әскери нысанға соққы берілген сәт көрінеді.

Бейнематериалды сараптаған мамандар соққы алдында кадрда көрінген зымыранның Tomahawk болуы мүмкін екенін айтады. Бұл зымыран АҚШ қарулы күштерінің қару-жарағында бірнеше ондаған жылдан бері қолданылып келеді.

Бұған дейін Дональд Трамп мектепке жасалған шабуылға Иран жауапты екенін мәлімдеген еді. Ал Иран билігі керісінше, бұл соққы сырттан жасалғанын айтқан.

Иранның ресми деректеріне сәйкес, ракеталық соққы салдарынан 168 адам қаза тапқан. Олардың шамамен 110-ы балалар.

Сарапшылардың айтуынша, жарияланған бейнежазбада соққы жасалар сәттің алдында әскери нысанға бағытталған зымыран анық көрінеді. Бұл нысан Ислам революциялық гвардия корпусының базасына тиесілі болуы мүмкін.

Зымыран түрін үш тәуелсіз сарапшы растаған. Олардың бірі - Mackenzie Intelligence Services компаниясының аға талдаушысы. Оның айтуынша, бейнежазбадағы оқ-дәрі «ұшудың соңғы кезеңіндегі Tomahawk зымыранына тән барлық белгілерге ие».

Сарапшылар бұл деректер шабуылдың нақты қай тараптан жасалғанын анықтауға көмектесуі мүмкін екенін айтады. Алайда оқиғаға қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Комментарии
Другие материалы