ЕҰУ қабырғасында академиялық мақала жазудың негізгі қағидалары бойынша ғылыми семинар өтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JlQvszRkDIlTAdGFHU3NJikXB7tRsihVKRoxGaJy.jpg

Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Зерттеу сұрағынан ғылыми мақалаға дейінгі қадам: академиялық мақала жазудың негізгі қағидалары» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинар спикері – Astana IT University-дің қауымдастырылған профессоры, PhD Айнұр Сләмғажи болды.

Кездесу барысында зерттеу сұрағын дұрыс қалыптастыру, ғылыми мақаланың құрылымы, академиялық жазу талаптары, дереккөздермен тиімді жұмыс істеу және мақаланы халықаралық журналдарға дайындау мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинарға оқытушылар, магистранттар, докторанттар және ғылыми мақала жазуға қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Семинар барысында академиялық жазудың негізгі қағидалары бойынша практикалық кеңестер айтылып, ғылыми жарияланым дайындау барысында жиі кездесетін мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, магистранттар мен ЖОО ұстаздары спикермен пікір алмасып, мақаланы талдау жөнінде кейстерге тоқталды. Семинар мазмұнды пікірталасқа ұласып, жас зерттеушілер үшін пайдалы тәжірибе алаңына айналды.

Комментарии
Другие материалы