Нью-Йорк тұрғындары АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылына наразылық білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l0MSRcz24NW25gNnVyTRW7SinFIfSbr2WG1YU1Of.jpg

Нью-Йорк қаласының жүздеген тұрғыны Таймс-сквер алаңына жиналып, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылына наразылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Акцияға қатысушылар Иранға жасалған соңғы соққыларды айыптап, қаржыны білім беру, баспана және басқа да ішкі басым бағыттарға бөлуді талап етті.

Наразылар «Stop the War on Iran» («Иранға қарсы соғысты тоқтатыңдар»),«Trump Must Go Now» («Трамп дереу кетуі тиіс») деген жазулары бар плакаттарды ұстап шықты.

«Қолдануға дайын 5 мыңнан астам ядролық оқтұмсық АҚШ-та бар екенін ұмытпауымыз керек. Дәл осы АҚШ сол ядролық қаруларды әлем бойынша сіз бен біз сияқты қарапайым адамдар тұратын қалалар мен елді мекендерге бағыттап отыр»,- деді The People’s Forum ұйымының білім беру бағдарламалары жөніндегі директоры Лайан Фулейхан.

Оның айтуынша, Иран АҚШ-қа қауіп төндірмейді.

«20 жыл бұрын айтылған өтірікке қайта сенбейміз», — деді Фулейхан митинг барысында.

Зейнетке шыққан экономика және сыртқы саясат пәнінің оқытушысы Мэрилин Вогт-Дауни АҚШ үкіметін тарихтағы ең агрессивті империалистік күш деп атап, қазіргі жағдайды кезекті империалистік соғыс деп бағалады.

Акция ұйымдастырушыларының мәліметінше, алдағы күндері бір ғана Нью-Йорк қаласының өзінде Иранға қарсы соғысқа қарсы жаңа наразылық шаралары жоспарланған.

Комментарии
Другие материалы