Елдің он үш өңірінде «зымыран қаупі» режимі жарияланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NnpkJjNjEo75JcXjYTUvzBfXof3P6vH04FnKtZWV.webp

Ресейде 27 ақпанда 13 өңірде «зымыран қаупі» режимі енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

The Moscow Times дерегінше, көпшілігі Украинамен шекаралас емес аймақтар болып табылады.

Қауіп туралы Татарстан, Башқұртстан, Чувашия, Удмуртия, Пермь өлкесі, Самара, Ульяновск, Пенза, Саратов, Орынбор, Свердловск, Ростов және Курск облыстарының билігі хабарлады.

Осы өңірлердің кемінде сегізінде бұл режим алғаш рет Ресейдің Украинаға толық масштабты шабуыл бастағаннан кейін енгізілді. Кейбір қалаларда қоғамдық көлік қызметі уақытша тоқтатылды. Ал Қазан, Ижевск және Самарадағы Курумоч әуежайында адамдар эвакуацияланды.

Чувашия билігі екі ракетаның ұшырылғанын хабарлағанымен, кейін бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Ростов облысының губернаторы Юрий Слюсарь хабарлағандай, Таганрог қаласында «ракета қалдықтарының құлауынан» Циолковский көшесіндегі көпқабатты үйдің балконы жартылай опырылып түскен. БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ.

Комментарии
Другие материалы