Президент Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президент тапсырмасына сәйкес, құжат күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерінің қатысуымен дайындалуы тиіс. Негізгі мақсат – сыртқы қауіптердің ел ішіндегі тұрақтылыққа ықпал ету ықтималдығын алдын ала бағалап, тиісті алдын алу шараларын қабылдау.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, қазіргі уақытта барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс режиміне көшірілген. Сонымен қатар Үкімет жанынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы құрылған.

Өңір әкімдеріне де Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, жедел шешімдер қабылдау тапсырылды.

Комментарии
Другие материалы