Израиль премьер-министрі халыққа үндеу жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BkMLU79Xn31YH7DZHrdSjzWYrnNgnCvjTnvf2mN.jpg

Биньямин Нетаньяху АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққыларынан кейін ел азаматтарына арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үндеуінде ол аталған әскери операцияның мақсаты – Израиль мен оның одақтастарына төнген қауіптің алдын алу екенін атап өтті. Сондай-ақ Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамп-қа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Премьер-министрдің сөзінше, Ирандағы қазіргі саяси режим ұзақ жылдар бойы аймақтағы тұрақсыздықтың негізгі факторларының бірі болып келеді және оның әрекеттері халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Ол ядролық қаруға қол жеткізуге жол бермеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Нетаньяху бұл қадам Иран халқының болашағына да әсер ететінін айтып, ел тұрғындарының өз тағдырын өздері айқындауына мүмкіндік туындайтынын жеткізді.

Үндеу барысында Израиль үкімет басшысы азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып, алдағы кезеңде сабырлық пен бірлік маңызды екенін айтты.

Оның айтуынша, жарияланған әскери операция аясында ел тұрғындарына қырағылық танытып, ресми органдардың нұсқауларын қатаң орындау қажет.

Комментарии
Другие материалы