Дәмханадағы жарылыс. Зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZlxjsvLcBEcn35W6gYihtyXgDQJ4VGaro0xDwFrj.webp

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы жарылыстан зардап шеккен екі адам Астанаға жеткізіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта тағы он науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Щучинск қаласында болған өрттен кейін зардап шеккендер жергілікті медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, екі адам санитарлық авиация арқылы Астана қаласына тасымалданбақ.

Медицина қызметкерлері жансақтау бөліміндегі он адамның жағдайын ауыр және өте ауыр деп бағалап отыр. Сонымен қатар, үш адам травматология бөлімінде емделуде, ал сегіз науқас амбулаториялық бақылауда.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрттің шығу себептерін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, 26 ақпанда Щучинск қаласындағы “Центр плова” дәмханасында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, сегіз адам қаза тапты.

Комментарии
Другие материалы