Апатқа ұшыраған ұшақ. Қосанов түсініктеме берді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Bsjhg9H1Yv1oJApImHALqI5kd6sX8SVCu7o7ukuX.jpg

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қорғаныс министрі Дәурен Косанов пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда оқиға бойынша арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Зерттеу аяқталғаннан кейін апаттың нақты себептері жария етіледі.

«Ешқандай қателік болған жоқ. Бұл – жаңа ұшақ. Ресейде өндірілген Су-30СМ 2022 жылы жеткізілген. Ұшақтың ұшу уақыты 230 сағатты құрайды. Ең бастысы – ұшқыштар аман, олар зардап шеккен жоқ», – деді министр.

Еске сала кетейік, 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған. 

Комментарии
Другие материалы