Ұлттық киім киген сиыр. Жарнамаға қатысты дау туды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/p1vXasZFMmWz9Jypy6BApR5FvZzyAsuVjkztxaNI.webp

Павлодарда жарнамаға байланысты дау шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Қоғам белсендісі Диас Құзайыров қаладағы сауда үйлерінің бірінде ілінген жарнаманы ұлттық намысқа тиетін дүние деп бағалады. Оның айтуынша, баннерде ұлттық киім киген сиыр бейнеленген.

Белсенді мұны ұлтты қорлау деп есептеп, полиция мен әкімдікке арыз жазған. Ол өз өтінішінде «Жарнама туралы» заңға сүйенген. Аталған заңның 7-бабында этикаға сай келмейтін жарнама белгілері көрсетілген. Атап айтқанда, ұлтқа, тілге, әлеуметтік жағдайға немесе басқа да ерекшеліктерге қатысты қорлайтын бейнелер мен салыстыруларға тыйым салынған.

«Жануарға қазақтың ұлттық киімін кигізу – бұл өрескел жағдай. Мұны ұлттық кемсіту ретінде қабылдаймын», – деді Құзайыров.

Қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты ресми органдар тарапынан нақты жауап берілген жоқ.

Комментарии
Другие материалы