Қазақстандық фристайшылар финалға өте алмады

62
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JcvqdMlkoPpmKmFLrrDJFSlKSLHjMohDIDINMv4Y.webp

Қазақстандық спортшылар шаңғы акробатикасынан жеті орынға жайғасты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық фристайлшылар медальға қол жеткізе алмады.

Шаңғы акробатикасынан аралас командалар арасындағы турнир 21 ақпан күні өтті. 

Жарысқа жеті ұлттық құрама қатысып, әр команданың сапында үш спортшыдан өнер көрсетті.

Қазақстан құрамасы сапында Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асылхан Асан сынға түсті. Іріктеу кезеңінде әр спортшы бір-бір секіруден орындады. 

Қорытындысында 213,93 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы жетінші орынға тұрақтап, финалға өте алмады. Финалдық кезеңге үздік төрт команда жолдама алды. Медаль үшін бәсекені АҚШ, Қытай, Австралия және Швейцария құрамалары жалғастырды.

Комментарии
Другие материалы